ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің халықпен жоспарлы есепті кездесуілері жалғасуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кезекті кездесуін Еңбекші ауданы тұрғындарындарымен өткізді. Онда ол елдімекен тұрғындарының сауалдарға жауап беріп, Еңбекші ауданында атқарған жұмыстарын баяндады.
Қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы атқарылған әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар етіп, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті. Жиында басымдық берілген салалардың бірі — білім саласы болды.
Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда өз шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтуды жоспарлап отыр. Осы мақсатты ауданда үш ауысымдық мектептердің саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы падалануға берілді.
Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді айтқан шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді. Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.
Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.
Айтып өтейік, жиынға халықпен қоса қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Өңір басшысы Мұрат Әйтенов жыл басынан бері бірқатар аудан, елдімекен, тұрғын алап тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізуде. Өткен кездесулердегі мәселелер әкім өз назарына алып, тиісті шараларды қабылдап, бірнеше мәселелер шешімін табуда. Алдағы уақытта аталған мақсатты көздейтін кездесулер әрі қарай өз жалғасын табады.