ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖӘРДЕМІ КӨП

Түркістан қаласы бойынша тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан 9700 дана жадынама парақшалары таратылды. Радиоларда 52 рет сөйлеу ұйымдастырылды. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында 5 рет брифинг өткізілді. Қаланың көрнекі жерлеріне қала тұрғындары мен қонақтарын ескерту мақсатында 3 дана баннер орнатылды.

Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдейді.

Қала аумағында табиғи және техногенді сипаттағы апатты алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сала мамандары бұқаралық ақпарат құралдарына 18 сұхбат берді. Атап айтқанда, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесітуралы -6, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы -7, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік туралы -5 материал көрерменге ұсынылды.

Радиодан  95 рет (тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесібойынша -15, жас балаларды қараусыз қалдырмау бойынша -11, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша – 22, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік бойынша  -52  тақырыптарында) сөз сөйленді.

«Түркістан газеті» баспа басылымдарына 41 мақала (тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесі -15, жас балаларды қараусыз қалдырмау — 6, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі — 11, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік -8 мақала) жарияланды.

Әлеуметтік желілерге (instagram,facebook,Vk)  103 рет мақала, оның ішінде  23 видеоролик жарияланған.

Жалпы, төтенше жағдайды алдын алуда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Ағымдағы жылдың 6 айында еліміз бойынша төтенше жағдайды болдырмау және оны алдын алу  мақсатында бұқаралық ақпарат ққралдары арқылы 43124 рет хабар таратылған. Оның ішінде 4825 хабар – телевизия арнасында, 8525 – баспа басылымдарында, 19098 – радиода, 10676 – ақпараттық агенттіктер таспаларында жарияланған. Хабарламалардың жалпы мазмұны қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайды алдын алу бағытында болған.  Сала мамандары профилактикалық жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқанын алға тартады. Және оның жарқын мысалы ретінде келесідей статистикалық мәліметтерді келтіреді.

Өткен жылдармен салыстырғанда төтенше жағдай республика аумағында айтарлықтай азайып келеді. Өткен жылдың алты айында 6203 төтенше жағдай тіркелсе, биыл дәл осы мерзімде 5740 табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай оқиғалары тіркелген.