ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН 100 ПАЙЫЗ ҚАМТЫЛАДЫ

83
0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуін өткізуде, деп хабарлайды Uakit.kz. 
Қала басшысы Мұрат Әйтеновтің халықпен есепті кездесу барысында Қаратау ауданың әкімі Рахымберді Мулкеманов ауданда соңғы 9 айда атқарған жұмыстары бойынша тұрғындар алдында өз есебін берді.
Шымкент қаласында көгілдір отынының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тұрғындарды табиғи газбен қамту үшін 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына жасалған болатын. Осы мақсатта аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов ауданды көгілдір отынымен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде  тоқталды. Естеріңізде болса, былтыр, яғни 2021 жылы «Азат», «Асар-2», «Достық» елдімекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын.
Биылғы жылы тізім тағы «Тұран», «Нұртас», «Тассай», «Қайнарбұлақ тұрғын алабы», «Қайнарбұлақ саяжайы» елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Р.Мулкеманов 2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз деді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекені көгілдір отынымен қамтылмаған. Тұрғындарды табиғи отынмен қамтамысыз ету мақсатында жоғарыда көрсетілген көрсеткішті арттыру үшін 2022 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізілуде.

Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады. Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші  93%дан —  94,7%-ға жететін болады.

Естеріңізде болса, Шымкентте АГРС-3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылған болатын. Енді қаланың барлық аумағын көгілдір отынмен қамту мүмкіндігі бар. Елдегі ең ірі газ тарату станциясының құрылысы 59 шақырым газ құбыры тартылған. Халықты табиғи газбен толық қамтамасыз ету мақсатында салынған газ тарату станциясының құрылысы 2019 жылы басталған еді.