ГАЗ ЖАБДЫҒЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕЖЕСІН САҚТАҢЫЗ…

Тұрмыста кеңінен қолданылатын газды пайдаланудың асты сызылып жазылған ережесі мен нормалары бар. Оны сақтау өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі үшін үлкен мәнге ие.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы газды тұрмыста пайдалану бойынша тиісті талаптарды сақтауды ескертеді.

Кез келген газ тұтынатын үйде аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексерілуі керек. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыру керек. Егер үйіңізде газ жабдығы жарамсыз болса, тиісті мекемеге хабарласып, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз. Күнделікті күйбең тіршілік қамымен газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуды естен шығармаңыз. Үй немесе пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ жабдығын пайдалануды тез арада тоқтатып, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жай аумағынан тыс жерде) асығыңыз. Мұндай кезде от жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарын қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбаңыз.