ЖАДЫНАМА ПАРАҚШАЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

90
0

Жылу беру маусымы иек астында. Осыған байланысты Түркістан қаласы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылыту маусымы кезінде улы газдан улануды алдын алу мақсатында Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп сақтық шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Аралау барысында  қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, арнайы жасалған жадынама парақшалары таратылды.

Сонымен қатар газ жабдығын дұрыс қолданудың қағидалары туралы түсіндірілді. Одан өзге ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуге мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) келісім шарт түзудің маңызы туралы айтылды. Сонымен қатар газ жабдығын қолданудың тиісті ережелерін сақтау ескертілді.

Төтеншеліктер абоненттерде қандай құжат болмаған жағдайда газды пайдалануды уакытша тоқтатуға және аса қауіпті жағдайда тыйым салынатыны жөнінде айтты.

Айта кетейік, үйдің техникалық құжаттары, дербес шот, үй жоспарының жобасы, ішкі газ жүйелеріне қызмет көрсетуге мамандандырылған мекемелермен (ВДГО, ВДС) келісім шарт, желдету арнасы, тұрғын бөлмеде улы газды анықтайтын дабылқаққыштардың болмауы және мұржаны орнатуда кемшіліктер анықталған болса тиісті мекеме абонентті газдан уақытша ажырататын болады.