ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

19-қазан – құтқарушылар күні. Осыған орай Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында Құтқарушылар күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды,-деп хабарлайды uakit.kz Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз  қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары  Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты.

Өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков «Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор»,- деді қала әкімінің орынбасары.

Жиында Азаматтық қорғау органдарында және  азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан, елдің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен жедел жағдайлар саласына жауапты сектор мамандары марапатталды.

Жалпы жыл басынан бері шаһарда өрт, газдан улану, суға кету секілді 327 оқиға орын алды. Оның ішінде  41-і өрт оқиғасы ретінде тіркелген.Жергілікті құтқарушылар осындай көлденең жағдайлар кезінде жедел қимылдап, талай жанды аман алып қалған.