112 НӨМІРІ – ШҰҒЫЛ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛІ
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тұрғындар арасында газ және оны пайдаланудың ережелерін сақтау, су тасқыны бойынша қауіп қатер, өрт шыққан кездегі іс әрекеттер, қайықтан балық аулау кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көптеген ескертулер айтуда. Алайда «апат – айтып келмейді» деген. Және де «жазым аяқ астында» деген сөз тағы бар. Қанша сақтық шараларын сақтап, қауіпті алдын алғанмен, форс мажор жағдайында немесе басқа факторлардың әсерінен табиғи немесе техногенді апатпен бетпе бет келіп қалғанда не істейміз? Ең әуелі ойымызға 112 бырыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу керектігі еске түсетіні белгілі. Және бұл дұрыс шешім.
«112» бірыңғай телефон нөмірі жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларын қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейді.
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі уәкілетті орган ведомствосының облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшелерінде құрылады.
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметін қалыптастыруды, дамытуды және оның жұмыс істеуін уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар, оның ішінде олардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, адамдар жаппай болатын объектілерді, қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын заңды тұлғалар ақпараттық-коммуникациялық желілер мен автоматтандырылған мониторинг жүйелерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады.