«БИЗНЕС БАСТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 12 АНА ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
«Бақытты жанұя» орталығы — отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме. Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 550-ден аса ана өткен.
Қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету сынды жауапты міндетті желкесіне жүктеген орталық қаладағы 31 мыңнан астам тұрғынға көмек қолын созып отыр. Мұнда ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау (Медициналық Әлеуметтік Сараптама Жүргізу (ВТЭК) тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне қол ұшын беру сынды көмектер көрсетіледі. Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде. Орталық мұнан өзге, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелу, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру және тұрғын үй мәселесі бойынша kezekte.kz порталына тіркелу қызметтерін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда, «Бақытты жанұя» орталығының тиімді жұмыс тәжірбиесін үйрену мақсатында, Республикамыздың өзге аймақтарынан басшылары мен жауапты қызметкерлері келіп (Астана, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Батыс Қазақстан облысы және т.б.) жұмыс барысымен танысып тәжрибе алмасты. Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық – демография саясаты ұлттық комиссиясының мүшелері, ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары, Әлем қазақтары ұйымының мүшесі, Қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері орталықтың жұмысымен танысты.