ТҰРМЫСТА ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА
Түркістан қаласы «Газ инспекциясы» КММ табиғи газдан болатын оқыс жағдайлар, апаттарды алдын алу үшін тұрғындар назарына тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану туралы жадынаманы ұсынады, — деп хабарлайды uakit.kz.
Тұрмыста газ қолданушы тұрғындар төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
– Газ құралдарының, мұржалардың және де желдеткіштердің жұмыстарын қадағалап отыру, газ құралдарын қосқан кезде түтіннің мұржа арқылы тартылуын тексеру. Газбен жұмыс істейтін пештерді қосар алдында шибердің толық ашылғандығын тексеру, мұржаның «қалтасын» әр уақытта тазалап отыру;
– Газ қолданғаннан кейін газ құралдарының кранын жабу, ал егер газ баллондары ас үйдің ішінде болған жағдайда, баллондардың вентилін қосымша жабу;
– Газ құралдарында ақау болғанда газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерін шақыру;
– Газ беру күтпеген жағдайда тоқтап қалса, тез арада газ құралдарының кранын жауып, 104 телефоны арқылы апаттық газ қызметінің мамандарын шақыру;
– Пәтерде газ иісі байқалған жағдайда тез арада газ құралдарын пайдалануды тоқтату, крандарды жабу, терезе немесе желдеткішті ашып, бөлмені желдету, 104 телефоны арқылы газ шаруашылығының апаттық газ қызметінің маманын шақырып, газданбаған бөлмеден телефон соғу керек. От жағуға, темекі шегуге, электр қосқыштарын, электр құралдарын және электр қоңырауын қосуға болмайды;
– Жертөледе, кіреберіс пен аулада газ иісі сезілген жағдайда:
- айналаңыздағыларға қауіпсіздік ережесін сақтауға хабар беру;
- газ жоқ жерден 104 телефоны арқылы газ қызметін шақыру;
- газ қызметкерлері келгенше газ иісі шыққан жерлерден тұрғындарды шығарып, электр құралдарын қосқызбауға жағдай жасау, жайларды желдетуді ұйымдастыру.
– Газ құбырларын және газ қондырғыларын тексеру және жөндеу үшін пәтеріңізге газ шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерін қызмет куәлігін көрсеткен жағдайда ғана тәуліктің кез келген уақытында кіргізу;
– Бір айдан көп мерзімге пәтерден кеткен кезде газ шаруашылғы мекемесіне хабар беру;
– Жеке меншіктегі үйлер мен пәтер иелері газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсету және мұржалар мен желдету каналдарын тазалауға уақытылы келісім шарт жасауы керек. Қыс айларында мұржаның ұшар басына мұз қатып және бітеліп қалуын әр уақыт тексеріп отыру керек.
Тұрғындарғы тыйым салынады:
– үйді (пәтерді, бау бақша үйін) өз бетінше газдандыруға, газ құралдарының орнын ауыстыруға, газ құралдарын, баллондарын және жабу құралдарын жөндеуге;
– газ құралдары орнатылған бөлмелерді қайта құруға, жауапты ұйымдардың келісімінсіз жылытылатын бөлмелердің ауданын өзгертуге;
– газ құралдарының құрылғыларына өзгерістер енгізуге. Түтін шығу және желдету жүйелерінің құрылысын өзгерутге, желдету каналдарын жауп тастауға, түтін шығу жолдарын тазалайтын люктерді «қалталарды» жауып тастауға;
– өз бетінше мұржалардың және су жылытқыш түтін шығару құбырларында қосымша шибер орнатуға;
– газ шаруашылығының қауіпсіздік ережелерінде көрсетілген мерзімдерде мұржалар мен желдету каналдарын тазалау жұмыстары жүргізілмеген жағдайда қолдануға;
– желдеткіштер мен жалюздер және желдеткіш каналдар жабық болған жағдайда, мұржаларда желдету каналдарында және ванна бөлмесіндегі есік астында қуыс тарту болмаған жағдайда газ құралдарын қолдануға;
– жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыруға (үздіксіз жұмыс істейтін және бұған сәйкес автоматика орнатылған құралдары есептемегенде);
– мектеп жасына дейінгі балаларды, өз іс-қимылына жауап бере алмайтын адамдарды және және бұл құралдарды қолдану ережелерін білмейтіндерді пайдалануға жіберуге;
– газ және газ құралдарын қызметіне сай емес пайдалануға. Газ плитасымен үй жылытуға;
– газ құралдары тұрған бөлмені демалыс және ұйқыға пайдалануға;
– газ шығып тұрған жерді жанып тұрған отпен тексеруге (бұл мақсатта сабын көбігі немесе арнаулы құралдары қолданылады);
– газ қондырғыларын бұзуға және газ ұрлауға жол беруге болмайды.
Есіңізде болсын!
Газ ауамен қосылғанда жарылу және от қаупі бар. Газ толық жанбаған кезде, оның жанған өнімдерінен адам ағзасын улайтын иісті газ бөлінеді. Газ қолдану ережесін бұзған кезде тек өзіңізге ғана емемс, басқаларға да қауіп төндіресіз.