НЕГЕ ГАЗ ҚҰБЫРЫ САРЫ ТҮСКЕ БОЯЛУЫ ТИІС?

Техникалық ережелерге сәйкес газ құбыры сары түске боялуы тиіс. Бірақ бұл талапты көптеген үй иелері сақтай бермейді.

Түркістан қалалық «Газ инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Жанболат Тұяқбаев uakit.kz-тің «Тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша тұрғындар көбіне қандай қателіктерге жол береді?» деген сұрағына осылай деп жауап берді.

Сары түс құбырлардың газ жүйесіне тиесілі екенін айқындайтын мәнге ие.  Егер құбырлар боялмаса оны тот басып, шіріп, тесіліп, газ ауаға тарайды. Ал ауаға тараған газ қоршаған ортаға қауіпті. Ол адамдардың улануы мен өрттің болуын тудырады.

Газ құбырларының сары түске боялуы айқындаушы мәнге ие нақты белгі деп айтсақ болады. Бұл табиғи және техногенді апат кезінде құтқарушылар мен сала мамандарын уақыт жоғалтпай жедел әрекет жасауы кезінде үлкен мәнге ие.

Одан өзге ол жиі кездесетін қателіктердің қатарында мұржаның дұрыс орнатылмауы, улы газды анықтайтын дабылқаққыштың жоқтығы мен құжаттандырудың болмауы екенін атап өтті.

Инспекция қызметкерінің тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану жөнінлегі uakit.kz-ке берген сұхбатын сілтемені басу арқылы оқи аласыздар.