ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАНДЫҚТАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ЖЫЛУ ЖЕТКІЗЕДІ

107
0

Күні кешеге дейін Түркістанда от жағу маусымы басталғаннан бастап қала тұрғындары көк түтінге тұншығып отырғаны турады мәселе  күн тәртібіне шығатын. Қалада жағымсыз иіс пен улы газдың ауаға таралып жатқаны айқын сезілетін. Бұл жағдайды оңалту үшін қаланы газдандыру мәселесіне көп екпін берілді.  Бүгінде бұл проблема айтарлықтай шешімін тапты. Осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіш бойынша қаладағы ауа сапасының 65 пайызға жақсарғаны соның жарқын мысалы. Бұған жылу жеткізетін қазандықтардың газға көшуі зор ықпалын тигізді. Атап айтқанда, Түркістан қаласында жылу жеткізетін 10 қазандық бар. Оның барлығы 100 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген,-деп хабарлайды uakit.kz қалалық инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне сілтеме жасап.

2022-2023 жылдардың жылу беру маусымы кезінде Түркістан қаласындағы 10 жылу қазандықтары арқылы, І-ІІ мөлтек ауданы және Әкімшілік іскерлік аумағындағы тұрғын үйлер, тарихи мәдени орталықтағы мекемелерді және «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Жылу энергиясын Түркістан қаласы бойынша жалпы 6 516 абонент тұтынады.

Қала бойынша 10 қазандық бар болса, оның барлығы 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. (22,3 шақырым магистарльді желі; 71,6 шақырым ішкі орамдық жылу желілер).

Қала аумағында орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ететін «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны. Кәсіпорынның жалпы штаты 124 адам, орташа жалақысы -72 700 тенге.

2021 жылдың 22 қазанында Түркістан қаласы бойынша жылу беру маусымы басталып, 2022 жылы 31 наурызда тоқтатылған болатын. Жылу беру маусымы 160 күнді құрады.

2021-2022 жылдарға жылу тарифі – 93,24 теңгені құрады, (табиғи газдың тарифі 1 м3 газ – жеке тұлға 28,25, заңды тұлға – 35,76 теңге). Жылу беру маусымында кәсіпорын шығысы 405 218,6 мың теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 225,0 млн.теңге бөлініп пайдаланған табиғи газға төлем жасалды.

Биылғы жылу беру маусымында жылу қазандықтары толығымен табиғи газды пайдаланатын болады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған.

Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші сараланған түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Соның негізінде  тұрғындарға- 92,46 тенге/м2; бюджеттік мекемелерге    — 6 856,33 тенге/Гкал; заңды тұлғаларға              — 4 442,23 тенге/Гкал.

Қала бойынша жалпы 59 мектеп пен балабақшалар 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына  толықтай дайын. Атап айтқанда, 34 мектептің, орталықтандырылған жылу жүйесімен 4 мектеп қамтылған. 29 мектеп табиғи газға қосылған,1 мектеп апатты деп танылған (Әмір Темір атындағы ЖОМ);

20 балабақшаның, 2 балабақшасы орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 16 балабақша табиғи газға қосылған, 2 балабақшаны табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. («Құлыншақ», «Гүлдер» балабақшалары қаржыландыруға ұсынылды).

Денсаулық сақтау саласында 14 мекеме бар. Оның ішінде табиғи газбен қамтылған – 8 мекеме. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған – 2 мекеме. Көмірмен – 4 мекеме(Түркістан қалалық орталық аурухана 4 нысаны). Газға өту жұмыстары толық аяқталған. Газды қосу жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет, спорт саласында 18 мекеме бар. Табиғи газбен қамтылған – 12 мекеме. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған – 2 мекеме. Электр энергиясымен – 1 мекме. Көмірмен – 4 мекеме(кітапхана 3 нысаны және мәдениет үйі).