ТҮРКІСТАНДА КӨГАЛ АУМАҒЫ 2,5 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСАДЫ

Қаланың микроклиматын жақсарту түрлі табиғи апаттардың алдын алу шарасы  ретінде қарастырылады.

Түркістан қаласындағы қататң климатты өзгерту мен қаланың эстетикалық  көрінісін жақсартып, экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылдан бері көгалдандыру жұмысы қарқын алып келеді,-деп хабарлайды uakit.kz қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөліміне сілтеме жасап.

2022 жылға қала көлемінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін,  жоспар бойынша телемұнара аумағында «Тұран» саябағы мен Қызылорда тас жолы аумағына гидрантты жүйемен су жүргізу, Қазыбек би көшесі мен О.Жарылқапов көшесі аралығына гидрантты жүйе жүргізу, «Тұран» саябағын абаттандыру, Төле би саябағын абаттандыру, Майкотов көшесі бойына (Шәуілдір тас жолынан Түркістан арена стадионы аумағының аралығы) желілік саябақ салу «Денсаулық» саябақтары іске қосылған.

Сонымен қатар  І-ІІ мөлтекаудан, «Отырар» мөлтекауданы ішін абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Қазіргі уақытта, жалпы жұмыстың 90 пайызы орындалды. Саябақтар 30 жерге (225 га), сквер мен алеялар 15 жерге (13,6 га) орнатылды.

Қосымша қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына 10 жерге  балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынды.

Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген.

Жалпы ирригациялық каналдардың ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды.

Атап айтқанда,Р-33 каналы Қазыбек би саябағынан Б.Саттарханов даңғылы аралығы 3,4 шақырым, Р-33,2 Керуен сарай, инфекциялық аурухана аралығы 2 кезең 6,1 шақырым, Ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін 4 шақырым, Р-32,2 каналы Шекті Тілеу Жібек жолы көшесінің бойы 3,7 шақырым, Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал 1,1 шақырым, Р-32 «Батыс Қытай -Батыс Еуропа» автожолы бойы 3,1 шақырым, Р-32А қалалық емхана аумағы 1,1 шақырым.

Ирригациялық арықшалар қазіргі таңда су қабылдауда. Қала ішіндегі көгалдарға және басқа да қажетті аумақтарға су апару үшін қажеттілігіне қарай «Жасыл Түркістан» мекемесі қызмет атқаруда.

 

Түркістан қаласын көгалданыдырудың басты мақсаты – қатаң климатты өзгерту мен қаланың эстетикалық  көрінісі мен экологиялық жағдайын жақсарту болып табылады. Жалпы қала ішінде 2022 жылға 6 нысан гидрантты және ирригациялық арықтар жұмыстары жүргізілуде. Қала көлемін жасыл желекке айналдыру үшін 6 кезеңге бөлінген. Қазіргі таңда бірінші кезең бойынша — 611 га, екінші  кезең бойынша  -622 га жерге гидрантты суландыру жүйесі жұмыс жасап тұр. Қалған кезеңдерге суландыру жүйелері жүргізілуде.

Қосымша қаланың мәдени-рухани  аумағына және «Гүлдер» саябағымен Сейхун көшесінің аралығына  гидрантты жүйе жүргізу үшін эскиздік сызбалары дайын. Жоба құны 1 611 млн теңгені құрайды.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары 2019 жылдан бастап үлкен қарқынмен жүріп келеді. Қазіргі уақытта жалпы қала аумағында:

Ағаш көлемі: 695 247 дана;

Көгал аумағы: 2 560 000 шаршы метр;

Бұталар көлемі:   311 856 дана

Гүлдер аумағы: 70 000 шаршы метр..

2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 130 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.