АБАЙ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКТР ЖАРҒЫМЕН ҚАМТУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР
Шымкент қаласы, Абай ауданындағы 3 елді мекенде электр жарығымен қамту бағытында құрылыс жұмыстары аяқталса аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялар орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізген Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов мәлімдеді.
Шымкент қаласы, Абай ауданына тартылған бюджет көлемі 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген. Шағын аудандар мен елді мекендерді электр энергиясымен қамту бойынша бөлінген бюджет көлемі 2107 жылы 864 млн.теңгені құраса, 2022 жылы 5,2 млрд.теңге бөлініп отыр.
Б.Пармановтың айтуынша, бүгінгі таңда аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекеннің тұрғындары жеке меншіктің балансындағы транформаторларды пайдаланып келеді. 2021 жылы 5 елді мекенді, яғни Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар шағын аудандарын электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 5,2 млрд теңге бөлінген. Биыл 3 елді мекеннің Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап шағын аудандарында құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.
Бұдан бөлек, брифинг барысында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов аудан бойынша жеткен нәтижелі көрсеткіштерін, атқарылған жұмыстарымен, халық сұранысындағы ауыз су, көгілдір отыны,сондай-ақ жол мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.