ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 78 ТҰРАҚТЫ ҚАЛАЛЫҚ МАРШРУТ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

91
0
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 78 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 876 автобус шығады, жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы іске қосылған. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңға жуық. Айта кетейік, I-kolik мобильді қосымшасымен 100 пайыз қоғамдық көлік қамтылған.
Сонымен қатар, жылжымалы құрамды жаңарту мақсатында, 2020 жылы газ метанмен жүретін 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта барлық автобустар қалалық тұрақты маршруттарға тартылып, күнделікті тұрғындарды тасымалдауда. Аталған автобустарды газ отынымен қамтамасыз ету үшін 2 газ станциясы қызмет көрсетуде, ал үшінші станцияның салу үшін жер учаске бөлінді, инвестор анықталып, құрылыстың басталуына дайындық қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ, электрондық TOLEM картасының 310 мыңға жуығы сатылып, күнделікті транзакция 300 мыңды құрап отыр.
Бұдан бөлек, естеріңізде болса әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі №55 және №149 бағыттағы қоғамдық көліктері 6 жаңа автобуспен толықты. Қыркүйек айынан бастап аталған бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі. №149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы саны 10 автобусқа артты. Ал, №55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 8 автобус жүретін болады.
Қосымша ақпарат,  жолаушы «Tolem» картасы, SMS код немесе QR- код арқылы төлей алады. Егер жол ақысын қолма-қол төлеген жағдайда, міндетті түрде билет беруді талап ету керек.