ШЫМКЕНТТЕ «ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

267
0
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес «ЗАҢ КЕРУЕНІ» республикалық акциясы жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгін ҚР Бас Прокурорының бастамасымен 1 қараша күні Шымкент қаласында «Заң керуені» акциясы басталып, өз жұмысын бастап кетті.
Акцияның негізігі мақсаты- халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеті арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту. Республикалық акциясы аясында құқықтық қызмет көрсету барысында өзекті мәселелердің шешімі бойынша заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар алуға мол мүмкіндік болады.
«Заң керуені» акциясы аясында қалалық көшпелі топтың халықпен кездесуі жоспарға сай Еңекші ауданында ұйымдастырылды.  Ауданға қарасты  Базарқақпа елді мекенінде Шымкент қалалық прокуратурасының қызметкерлері елдімекен тұрғындарын қабылап, мәселелерін тыңдады.
Кездесуде тұрғындарға мемлекеттік қызметтер, әлеуметтік көмектер, жәрдемақылар мен жеңілдіктерді алу, мүлікті тіркеу, мұрағаттық анықтамалар беру, салықтарды есептеудің дұрыстығы және т.б. өзекті мәселелердің шешімі бойынша сала мамандарынан заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар беріледі. Акцияға Еңбекші ауданы аумағындағы «Абдуллабад», «Базарқақпа», «Бадам-1», «Тұрдыабад», «Шаңырақ» елді мекен тұрғындары белсенді қатысуда. Көшпелі топтың құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Бақтияр Мұхамеджан, Еңбекші ауданының прокуроры Серік Әбдиев, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек, сондай-ақ, прокуратура, құқық қорғау мен жергілікті атқарушы, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының өкілдері бар. «Заң керуені» акциясы – тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын белсенділік танытып, республикалық акцияға қатысуға шақырады.
Айта кету керек, 2 қараша күні Түркістан сарайында өтетін акция жұмысына қала әкімі М.Әйтенов қатысады.