ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

118
0

Шымкент қаласында жайлы орта қалыптастыру мен жасыл желекті күтіп-баптау бойынша қыруар іс атқарылып жатыр. Күні бүгінге дейін бірқатар шаруалар қолға алынды. Нәтиже де жоқ емес. Десе де толассыз жауған жауынның салдарынан өңірде бірқатар өзекті түйткілдердің де туатыны тағы белгілі. Десе де бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Толықтай тарқатайық…

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты саябақтардың ирригациялық жүйелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда Наурыз, Жайлаукөл, Абай саябақтары мен Шәмші, Нұрсат гүлзарлары және Ордабасы алаңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылуда. Сонымен қатар қала аумағындағы басқармаға қарасты 37 субұрқаққа консервациялау жұмыстары жүргізілді. Атқарылып жатқан жұмыстар басқарма тарапынан қатаң бақылауда. Мердігер мекемеге қарасты 300 жұмысшы, 52 дана арнайы техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, 29-30 қазандағы жауын салдарынан Қаратау ауданына қарасты бірқатар елдмекендерде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Ақжайық, Тассай елді мекендері, Еділбаев , Атбасар көшелері аумағында су жиналып тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.  Қазіргі таңда Нұртас елді мекені – “Шұғыла” , Бозарық 2 елді мекені – “Адыраспан”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Бозарық-3 елді мекені– “Ақбілек” , Бозарық елді мекені – “Жосалы”, Тассай елді мекені – “Әуезов” , Тұран елді мекені – “Жаңақұрылыс”, Қайнарбұлақ елді мекені – “Жаңақұрылыс” көшелері тұрақты бақылауда. Алдын алу жұмыстарына аудан әкімі аппараты мен төтенше жағдайлар басқармасы, «Жаңа арна 2022» ЖШС тарапынан 15 техника, су сорғыш құралдар, 4 мотопомпа және 50-ге жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды. Жалпы бұған дейін қала аумағындағы арықтар мен каналдар бойы қоқыстан тазартылғаны турасында тарқата жазған болатынбыз. Яғни жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Тосыннан болатын табиғаттың жайсыз құбылыстарының алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.