ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ “ОРДА” ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

120
0
Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес еліміздің жер-жерінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорттың барлық түрінен сайыстар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта Шымкент қаласында да бұқаралық спортты дамыту аясында бір қатар іс-шараларды қолға алынған.
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту — ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Екі күнге созылған сайыста мемлекеттік қызметшілер бірніше спорт түрінен жарысқа түсті. Жарысқа қатысқан мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен күш сынасып, өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV , волейболдан I, жүзуден I , шахматтан I , гір тасын көтеруден VII , үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I , ал жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.
Айта кету керек, еліміздің үшінші шаһары түрлі спорт түрінен бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша біздің спортшыларымыз бірнеше спорт түрлері бойынша жалпы 1629 медаль жеңіп алды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 491 алтын, 454 күміс, 470 қола медаль алып, Азия чемпионаттарында 59 алтын, 34 күміс және 52 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 31 алтын, 20 күміс және 18 қола медальға ие болды.