ТЫҢ БАСТАМА АРҚАСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

110
0

Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасына сәйкес «Заң керуені» республикалық акциясы жүргізілуде. Шымкент қаласында да 1 қараша күнінен акция өз жұмысын бастап кетті. Акцияның мақсаты — халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеті арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, өңірде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.

Шара барысында Шымкенттегі құқықтық қызмет көрсету барысында өзекті мәселелердің шешімі бойынша заңнама шеңберінде тиісті кеңестер мен жауаптар алуға мол мүмкіндік болады. Осы орайда, бүгін Шымкент қаласы №129 мектеп ғимаратында «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданының  «Сәуле»,«Текесу»,«Береке»,«Химфрам»,«Көркем» және «Ақтас» шағынаудандарының тұрғындары қатысып жатыр.  Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Хандиллаев, аудан әкімі Рашид Мыңбаев және 34 жергілікті атқару органының өкілдері бар. «Заң керуені» акциясы 1 қарашадан ҚР Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде басталды. Аты айтып тұрғандай бүгіннен бастап көшпелі топ қаладағы елді мекендерді аралап, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес береді. Одан бөлек қала прокуроры мен орынбасарлары күнделікті белгіленген кестеге сай тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі тұрғындарға кеңес беруге қаладағы барлық мекеме бір жерге жұмылуында болып отыр», — деді қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы. Бүгінгі акцияға 100-ден аса тұрғын келген. Олар инфарқұрылым, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік төлемдер секілді мәселелердің шешімі жөнінде тиісті мамандардан кеңес алды. Акция 4 қарашаға дейін жалғасады.