КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Көлеңкелі экономикамен күрес шаралары елімізде қарқынды жүріп жатыр десек, артық айтқанымыз емес. Қазіргі уақытта аталған мәселемен күрес қарқыны күшейген. Оның ішінде Шымкент қаласында атқарылып жатқан жұмыстар жайын осы материалымызда тарқата жазуды жөн санап отырмыз.
2021 жылдың 26 қазанында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен бекітілген «2021-2024 жылдарға арналған бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету» мақсатында Шымкент қаласының уәкілетті мемлекеттік органдарының Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 11 қазанда, 2022 жылдың 11 ақпанда және 10 наурызда қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаевтың төрағалығымен және сауда нысан басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілген болатын. Жиналыс хаттамалары түзілген. Хаттамаға сәйкес жұмысшы топ құрылып, «Қаланың кәсіпкерлік субъектілеріне түгендеу жүргізу» туралы бекітілген алгоритмге сәйкес, кәсіпкерлік нысандарды анықтау мен түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жұмыстары жүргізіліп, төрт аудан бойынша заңсыз құрылыстарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде 49 сектор араланып, 378 құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары анықталды.
47 нысан бойынша тексеру жүргізіліп, 146 хаттама толтырылып, 35 миллион теңге айыппұл салынған.Осыған байланысты, Шымкент қаласы прокуратурасының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №2-40-22-07074 ұсынымы енгізілді. Нәтижесінде 9 базарға (Жібек Жолы, Айна, Жабық базары, Көктем, Орталық қырғы базары, Акбар, Алаш, Барыс, Дархан) әкімшілік жаза қолданылды. Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғаса бермек.