ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

331
0

ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) мамандары Шымкент қаласы мен Сайрам ауданындағы мал базарларына рейдтік іс-шаралар жүргізуді бастады. Облыс прокуратурасымен, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қалалық аумақтық инспекция инспекторлары қызметкерлерімен бірлескен шараның мақсаты мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл қою болып табылады.

Тексеру нәтижесінде, сатуға алып келінген қара және уақ малдардың құжаттары болмағаны, сондай-ақ, олардың сырғаланбағаны анықталды. Бұл мәселе бойынша мал иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК 406 бабымен 17 әкімшілік хаттама түзілді. ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен мал тасымалдаумен айналысатын 8 автокөлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар базарларда әрі қарай өз жалғасын табуда.

Сонымен қатар, таяуда Шымкент қаласы аумағында криминогенді ахуалды жақсарту, қылмыстардың алдын-алу мақсатында «Қауіпсіз қала» жедел профилактикалық сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Шара барысында Шымкент қаласы аумағындағы кафелердің сағат 23:00-ден кейін жабылуына байланысты 90 кафеге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд жұмыстарының нәтижесінде, 208 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 136 азаматтың қол саусақ іздері алынып, ІІО-на 79 азамат жеткізілді. Ал, тексерілген жертөлесі – 9, тексерілген автокөліктер — 70-ті құрап отыр. Сондай-ақ, қорғау нұсқамасымен 12 азамат есепке алынып, 41 — «Уақытша уытсыздандыру орталығына», 9 азамат жеке басы анықталмағаны және тұрақты мекенжайы болмағандықтан, қабылдап-тарату орталығына жеткізілген. Бұл іс-шара алдағы уақытта әр жұма, сенбі күндері және ерекше талапқа сәйкестендірілгенше жалғасын табады.

ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі