ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА

105
0
Шымкент қаласына күнделікті 207-345 тонна яғни 3-5 вагон көмір келуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіхалықов атқарған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.
«Шымкентте бір тонна көмірдің бағасы 15100 БЕН 15300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз-шағым түскен жоқ. Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына 154,0 мың тонна көмір тасымалданған (2132 вагон). Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 9,0 мың тоннадан астам көмір бар. Қалаға күнделікті 207-345 тонна (3-5 вагон) көмір келуде», — деді Арман Әбдіхалықов басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна.
Атап айтқанда:
• Бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту — 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%);
• Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша тұрғын арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей: ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ — NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.
Айта кету керек, калада 2022-2023 жылғы жылыту маусымы қазанның 20-на басталды. Қазіргі уақытта жылу беру барысы штаттық режимде өтуде. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1 987 көпқабатты тұрғын үй мен 484 бюджеттік мекемеге температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр.