ӘЛ-ФАРАБИ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕРІ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

89
0

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданының аумағы 14 380 га жерді құрайды, халық саны жалпы 207 747 адам, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Аудан үшінші мегаполистің орталық ауданы болғандықтан, тұрғындардың ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр.

Жекелей тоқталсақ, ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8% құрайды. «Сәуле» шағынауданындағы «Жаңабазар» көшесінде қалып кеткен 40-тан астам үйге ауыз су тарту бойынша «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Текесу» елді-мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Жаңару» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін тұрғындарға тапсыру жоспарлануда.

«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамда электр жарығын орнату жұмыстары «Ақсемсер стройсервис» ЖШС тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда тұрғындарға пайдалануға беріліп, көрсеткіш деңгейі 100% құрайды. «Ақтас-2» елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау, жоспарлануда. 276-орамынында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін тұрғындарға тапсырылып, шағынаудан аумағы 100% табиғи газбен қамтылатын болады. Қорыта айтқанда, Әл-Фараби ауданында қолға алынып, жүзеге асқан жұмыстар көп. Бүгінде аудан әкімі де шағынаудандар мен елді мекендердің инфрақұрылым жүйесінің жақсара түсуіне айрықша назар аударып, тұрғындармен жиі кездесу өткізіп келеді. Бұдан бөлек, елдің ынтымағы мен бірлігін ту ететін түрлі шаралар да ұйымдастырылып, тұрғындар белсене қатысуда. Бүгінде ауданға қатысты күн тәртібінде тұрған түйткілді түйіндер жоқтың қасы.