ӘЛ-ФАРАБИ: КӘРІЗБЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 87 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚТАДЫ
Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 87% құрайды. Ағымдағы жылы Шолохов көшесін кәріз жүйесімен қамту жұмыстары толығымен аяқталып қолданысқа берілді және Хлопзавод көшесінде жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар «Айқап-Түркістан» шағын ауданында барлығы 21 көше бар. Оның ішінде 11 көшеге кәріз жүйелері жүргізілген. Бүгінде 10 көшеге кәріз жүйелерін жүргізу бойынша, демеуші есебімен «Батыс-Алга LTD» ЖШС тарапынан жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. 2023 жылы құрылыс жұмыстары жүргізу жоспарлануда. «Ақжайық» шағынауданына кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары 2023 жылды аяқталып, 30 көшеге кәріз жүйесіне енгізіледі. «Химфарм» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген, нәтижесінде 20 көшеге кәріз жүйесін жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеу 2023 жылдың жоспарында тұр.
Бұдан бөлек, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 даңғыл, көше мен өткелдер бар. Жолдардың 279,5 шақырымы немесе 88 пайызы асфальт, 19,6 шақырымы немесе 12 пайызы тас жолды құрайды. Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 28 көшеге асфальт төселді. Атап айтқанда, «Сәуле» шағынауданына қарасты 195-орамдағы Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері, Женістін 50 жылдығы №1,2, Белағаш (Жастар), Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері, 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, көшелері, орталық аумақтағы В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі, «Ақжайық» шағынауданындағы Ақжирен, Самғау, Тайқоңыр, Сәйгүлік көшелері, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, 275-орамдағы, Баянауыл көшесі, орталық аумақтағы А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағында бүгінде сапалы жол төселген. Сонымен қатар 2023-2024 жылдары 48 көшені асфальттау бойынша Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілген. Аудан аумағындағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған. 2021 жылы 22 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылған болатын. 2022 жылы олардың қатары тағы 20 көшемен толықты. Бүгінде Ш.Уалиханов, Байзақов көшесі, Шәймерденов көшесінің жалғасы, Камал көшесі мен Жанкент көшесін жарықтандыру жұмыстары аяқталса, жыл соңына дейін тағы 15 көшеге жарықшамдар орнатылады.