БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

95
0

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту ісіне айрықша көңіл бөлініп келеді. Күні бүгінде қала аумағында көптеген спорт және балалар алаңшалары салынып жатыр. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында атқарылған жұмыстар қыруар. Тарқатайық…

Аталған аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. 2021 жылы аудан аумағындағы 27 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Оның ішінде 14 аула «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылды.  2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған болатын. Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылды, қалған 22 балалар ойын алаңшалары кесте бойынша ағымдағы жылы 15 қазанға дейін орнатылатын болады. 2023 жылы 30 балалар ойын алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады.

Бұдан бөлек, 2021 жылы 31 ашық спорт алаңшасын орнатылды, оның ішінде демеуші «С.Тульбасовтың жеке қоры» есебінен 6 көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізіліп халыққа пайдалануға берілді. 2022 жылы 9 спорт алаңшасы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 191,7 млн теңгеге орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 9 спорт алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары кесте бойынша ағымдағы жылы 15 қазанға дейін жүргізілетін болады. 2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағы 100% қамтылатын болады. Жалпы Шымкентте «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындар ұсынысымен өткен жылы 41 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, ойын алаңшалары құрылды. Биыл ІІ кезеңмен 73 көпқабатты және жеке сектор бойынша 6 мекенжай абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы тұрғызылуда. Жобаға енген «Базарқақпа» тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесінде орналасқан 7 көпқабатты үйдің ауласындағы жұмыстар барысымен танысуға М.Әйтенов арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Абаттандыру жұмыстарымен қоса балалар ойын және тренажер алаңшасы салынатын аула жұмыстары қараша айының соңына дейін толық аяқталатын болады.