ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

118
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылым саласында қолға алынған жұмыс көп. Бір жыл ішінде атқарылған шаруалардың арқасында қаладағы инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші де айтарлықтай артқан.  Мәселен, қазіргі таңда үшінші мегаполиске қарасты Әл-Фараби ауданында  кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 57%-ды құрайды. 

Қазіргі таңда «Ұлағат» (2248 абонемент),  «Солтүстік-шығыс» шағынауданына (480 абонемент) кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.  «Мирас», «Шапағат-2» (1690 абонемент) шағынаудандарында құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.  Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында жобалау сметалық құжат әзірленіп, қазіргі «Спецкоммунстрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек,ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы немесе 71,5 пайызы асфальт, 181 шақырымы немесе 25.8 пайызы тас, 19 шақырымы немесе 2.7 пайызы топырақты құрайды. Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделді . Оның жалпы ұзындығы 57,7 шақырымды құрайды. Жалпы ағымдағы жылғы нәтиже былтырғы көсеткіштен жоғары, жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Оның ішінде, 131 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 1 көшені жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Сайрам су көпіріне баратын жолға көпір құрылысы толық аяқталғаннан кейін асфальт қабаты төселетін болады. Ал Шымкентте жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы бұл көрсеткіш 98 шақырымды құраған болса, қазіргі кезде көлік инфрақұрылым көрсеткіші 3,6 (358 %) есеге ұлғайған.  Биылғы жылы Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері қиылысындағы жолайрықта құрылыс жұмытсары аяқталып, көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілді. Арғынбеков пен Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгінде қала аумағындағы сапалы жолдардың көрсеткіші 67,4 пайызды құрайды.