«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2022» ҚАЛАЛЫҚ ІІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы №355 бұйрығымен бекітілген Қағидағаға сәйкес, «Үздік педагог» атағын беру Конкурсының қалалық ІІ кезеңінің өңірлік комиссиясы өз жұмысын аяқтады.
Конкурстың ІІ қалалық кезеңіне қатысу үшін Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарынан өтініш білдірген 123 педагог қызметкерлері құжаттарын Министрліктің ақпараттық жүйесіне орналастырды. Шымкент қаласы білім басқармасының 2022 жылғы 17 қазандағы №581 бұйрығымен «Шымкент Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларынан, біліктілікті арттыру орталықтарының қызметкерлерінен, педагоггикалық шеберлік кәсіби конкурстарының жеңімпаздарынан құрылған конкурстық комиссия Қағидаға сәйкес, берілген нысан бойынша үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігі, педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесі, педагог қызметінің нәтижелілігі, педагогтің кәсіби шеберлігі сараптады. Қағидаға сәйкес ұсынылған құжаттарды талдау барысында педагогтердің білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру, республикалық немесе халықаралық деңгейде республикалық оқу-әдістемелік кеңес бекіткен авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу, республикалық немесе халықаралық деңгейде тәлімгерлік және педагогтерді оқыту, халықаралық және республика көлеміндегі жетістіктері мен кәсіби шеберліктер бағаланды. Ұсынылған құжаттарды бағалау нәтижесінде Конкурстың қалалық ІІ кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаз педагогтердің құжаттары «Үздік педагог» атағын беру конкурсының республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын болады.