ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АУМАҚТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында су басу қауіпі бар аймақтар әкімшілік қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалардың бақылауында.
Әл-Фараби ауданында бойынша құрылған топ Сәуле шағын аудандарындағы жеңістің 50 жылдығы, Тұмарлы, Зерделі және Байдала т.б. көшелеріне арнайы техникалардың көмегімен су тартуға дайын. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС-ның 10 техникасы, су тартатын 10 мотопомпа және 30 -ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда. Жалпы үшінші мегаполисте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен су басудың алдын алу бойынша қыруар іс қолға алынып жатыр. Бүгінде қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы бітеді. Айта кететін жайт қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында. Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда. Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын 5 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі. Бұған дейін шаһар басшысы қаладағы каналдардың маңызы турасында былай деген болатын «Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды.