ОҚИҒАДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БОЛМАДЫ
Осы жылдың 26 сәуірінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне өрт оқиғасы туралы кезекті хабарлама түседі. Өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған азамат Түркістан қаласындағы Абдрахманов көшесіндегі жеке тұрғын үйде өрт болып жатқанын хабарлайды. Осыған сәйкес өрт сөндірушілер өрт сөндіру автокөліктерімен оқиға орнына шығып, тұрғын үйге 9 минутта жетеді.
Оқиға салдарынан жеке тұрғын үйдің ауласындағы жалпы көлемі 80 шаршы метрді құрайтын шаруашылық мақсаттағы ғимараттағы ауданы 20 шаршы метрді құрайтын бөлмесінің ішіндегі 20 дана сығымдалған шөптің жанып жатқаны анықталған. Өрт ауыздықталып, толық сөндірілген. Зардап шеккендер болмаған.