МҰРЖАНЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ЫСТАН ТАЗАЛАУ ҚАУІП ТУДЫРМАЙДЫ

85
0

Құтқарушылар жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Себебі өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің. Әсіресе пеш жағу кезінде мұржаны арнайы мамандарға тазалатудың маңызы зор. Мұржаны дер кезінде ыстан тазалатуға селқос қарағанның соңы қапы қалдыруы мүмкін. Оған төмендегі жағдай мысал бола алады.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне қаладағы Жібек жолы көшесіндегі үйде өрт оқиғасы орын алып жатқаны туралы хабарлама  түседі. Хабарламада көрсетілген мекенжайға өрт сөндірушілер он минутта жетеді. Оқиға орнына келген кезде үйдің мұржа айналасы өртсіз түтегені анықталды. Оқиға салдарынан күйік алып, зардап шеккендер болмады.