КӨЛІГІҢІЗДЕ  ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ БОЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

59
0

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне «Отырар» мөлтекауданындағы №1 тұрғын үйдің жанында көліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Хабарламада көрсетілген мекенжайға өрт сөндірушілер 13 минутта жетеді. Көрсетілген мекенжайда Volkswagen Passat маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы салон бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы  орын алған. Салдарынан автокөліктен будақ-будақ түтін шыққан. Абырой болғанда оқиға өртке ұласпаған. Зардап шеккендер болмады.

Осы жағдайды ескере отырып, төтеншеліктер автокөліктерде өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталуына баса мән беруді ескертеді.