ШЫМКЕНТ: «ПЕДАГОГ» КӘСІПТІК СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

88
0

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында  ҚР Оқу-ағарту министрлігі өзгермелі әлемдегі озық білім беру тәжірибесіне сәйкес педагогтің құзыреттілік шеңберін айқындау мақсатында «Педагог» кәсіптік стандартының жобасын әзірледі, — деп жазады Uakit.kz.

Филиалға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық педагогикалық қоғамдастығы арасында осы құжат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Осы бағытта  институт тренерлері бір ай бойы білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдердің кәсіби даму траекториясының бірыңғай бағдарына айналатын кәсіптік стандарт бойынша педагогтар үшін вебинарлар, офлайн режимінде ақпараттық сағаттар өтеді.

Жиынға жоғары оқу орындарының ректорлары, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы  білім басқармаларының және білім беру саласындағы бақылау басқармаларының басшылары, әдістемелік орталықтардың басшылары мен қызметкерлері мен педагогикалық қоғамдастығы қатысқан  офлайн және онлайн режиміндегі ақпараттық-түсіндіру семинарынан бастау алды. 300-ден астам басшылар мен педагогтер онлайн қосылды. Семинар жұмысы аясында кәсіби стандарттың міндеттері мен мазмұны, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің өлшемдері мен индикаторлары егжей-тегжейлі қарастырылып, әр мамандықтың карточкалары зерделенді. Стандартты талқылау барысында түскен барлық сындарлы ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, құжатты әзірлеушілерге берілді. Күн сайын, кесте бойынша  мұғалімдерді түгелдей  қамту үшін осындай іс-шаралар өткізілетін болады. «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» Түркістан облысы және Шымкент қаласы филиалының мұрындық болуымен өткен мұндай шараның өңірдегі білім саласының дамуындағы рөлі айрықша. Жалпы соңғы жылдары үшінші мегаполисте аталған салаға айрықша назар аударылып келеді. Күні бүгінге дейін білім сапасын арттыру мен орын тапшылығын жою мақсатында қыруар іс қолға алынды. Нәтижесінде мектептердің ғимараты жаңарып, материалдық-техникалық базасы нығая түсуде.