ТАЛАПҚА ТОМПАҚ КЕЛЕТІН ӘРЕКЕТ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

85
0

Жол құрылысына бюджеттен қыруар қаржы бөлінетіні де белгілі. Осы тұста, құрылысқа жауапты мекемелер міндетін қаншалықты дұрыс атқарып жатыр деген заңды сауал туындайды. Жуырда аталған көкейтесті сауалдың жауабын Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берді.

Атап айтқанда, басқарма тарапынан күні бүгінге дейін мемлекеттік сатып алу конкурсымен жеңімпаз аталған мекемелердің өз міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындамағаны үшін 58,1 млн теңге айыппұл салынған. Оның 37,7 млн теңгесі немесе жалпы қаражаттың 61,6%-ы өндірілген. Жол құрылыс жұмыстары тапсырылған 24 мердігер мекеменің кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктердің мерзімінде жойылмағанына байланысты 6,5 млн теңге айыппұл салынған. Ал атқарылып жатқан нысандар бойынша 87 мекеме 51,5 млн теңге айыппұл арқалаған. Оның ішінде 70 айыппұл мердігер мекемеге, 16 айыппұл техникалық бақылаушы мекемесіне, 1 айыппұл авторлық қадағалаушы мекемеге тиесілі. Айыппұл салынған мекемелер тарапынан 36,3 млн теңге өндірілді. Төленбеген айыппұлдар бойынша сотқа талап арыздар жолдануда. Қорыта айтсақ, қыруар қаржы бөлінген салада бақылау да күшті. Заңнан аттап, міндетті орындамаса, мекемелер ауқымды айыппұл арқалайды. Ал мұның өзге мердігерлерлерге сабақ болатыны сөзсіз. Жалпы Шымкентте жалпы ұзындығы 351 шақырымды құрайтын 187 жолдың құрылыс жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы бұл көрсеткіш 98 шақырымды құраған болса, қазіргі кезде көлік инфрақұрылым көрсеткіші 3,6 (358 %) есеге ұлғайған.  Биылғы жылы Д.Қонаев пен Т.Рысқұлов көшелері қиылысындағы жолайрықта құрылыс жұмытсары аяқталып, көлік қозғалысы үшін пайдалануға берілді. Арғынбеков пен Бәйдібек би көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы қарқын алған. Бүгінде қала аумағындағы сапалы жолдардың көрсеткіші 67,4 пайызды құрайды.