ШЫМКЕНТТЕ САПАСЫ ЖОҒАРЫ ӨНІМДЕР ӨНДІРІЛУДЕ

Шымкентте үздік деп танылған сапалы макарон өнімдері шығарылады, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі «Барыс-2007» серкітестігі «Мадина» тауар белгісімен макарон өнімдерін өндіруде. Фабрика Қазақстанның Оңтүстік аймақтарындағы нарықтың 70-80 пайызын макаронмен қамтамасыз етіп отыр. Ал Республика бойынша қамтамасыз ету үлесі 35-40 пайызды құрап отыр. Шымкенттік макарон өнімдері жылдан-жылға сұранысы арта түсуде. Фабриканың қуаттылығы тәулігіне 100 тонна макарон өнімін өндіруде. Тауардың негізгі екі бағытта шығарылады, қысқа және ұзын болып. Бүгінгі таңда қысқа кесілгеннің 30-ға жуық өнім түрі бар, ал ұзын кесілгендердің 4 түрі ұсынылған.
«Макарон өнімдері италияндық қондырғылармен жасалады. Вакумдау арқылы істеледі. Өте берік, сапалы, жоғары сапады пісіреді. Біздің өнімдер тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланады»,— дейді «Барыс-2007» ЖШС макарон өнімдері өндірісінің басшысы Гүлмира Нұрханова .
Бұл Қазақстандағы макарон өнімдерін шығаратын үздік фабрикалардың бірі. Қондырғылары Италияда жасалған. Өндіріс желісі толықтай автоматтандырылған. Мұнда тәжірибелі, білікті мамандар қызмет етеді. Қазірде онда 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған.
«Бізде классикалық макарондар. Ешқандай құпия жоқ. Кәдімгі су, ұн ешқандай да қоспа жоқ. Бірақ 11 жылдан бері осы өнімге сұраныс кеміген жоқ. Өйткені сапа жоғары», — дейді «Барыс-2007» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сергей Югай.
Фабриканың экспорттық әлеуеті де артып келеді. Қазіргі таңда Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан елдеріне өнімдерін жеткізіп отыр. Сондай-ақ «Мадина» тауар белгісімен шығатын макарон өнімдерінің сапасымен, дәмділігі есебінен 2010,2011 жылдары Ресейде өткен «ПРОДЭКСПО»халықаралық көрмесінде үздік тауар белгісімен марапатталып, 2010 жылы Қазақстанның ең үздік өнімі атанды.