ЖОҒАРЫ САПА МЕН ТӨМЕН БАҒАНЫ ТОҒЫСТЫРҒАН ТІГІН ФАБРИКАСЫ
Елімізде, оның ішінде Шымкент қаласында тігін ісі дамып келеді. Бүгінде отандық киім-кешек өндірісінің дамуына үлес қосып келе жатқан мекемелердің бірі – «Гауһар» тігін фабрикасы. «Bellasco» мектеп оқушыларының киім формасын тігетін қазақстандық бренд отандық нарықта өз орнын алып үлгерген.
«Гаухар» ЖШС директорының орынбасары Құралай Гилажова бұл туралы «Гаухар» тігін фабрикасы 1995 жылдан бері жалпы жеңіл өнеркәсіп саласында әртүрлі өнімдерді өндіру бойынша жұмыс жасап келе жатыр. Бұның ішінде біздер көбіне 2011 жылдан бастап Bellasco деген брендпен мектеп формасын тігіп жатырмыз. (la bella scoloro) итальян тілінен «тамаша оқушы» деген мағына білдіреді. Біздің формалар Италияндық ситльге сәйкестендіріліп жасалған» дейді. Фабрикада 100-ден аса тігінші жұмыс істейді. Басым бөлігінің тәжірибесі жоғары. Яғни жоғары санаттағы мамандар. Фабрикада күніне 500-ден аса киім формасы тігіледі. Тігін цехының жетекшісі Баян Қалдыбайқызының айтуынша, матаның сапасы өте жоғары. Бүкіл сападан тексеріліп өтеді. Тігілген форма 2 тексеруден өтеді. Мектеп формасы тігілген матаның сапасы өте жоғары. Мата тез тозбауы және түйіршіктеліп кетпеуі үшін әдейі арналған қоспалармен өнделген. Матаның тығыздығы — 265 гр/м. Құрамына келсек, 70 пайызы полиэстрден, 30 пайызы вискозадан (мақтаның жасанды баламасы) тұрады. Мұндағы өнімдер мапа менеджменті жүйесі негізінде ИСО 9001 Халықаралық стандартына сай тігіледі. Тапсырыс әсіресе жаз айларында айтарлықтай көбейеді. Бүгінде мектеп формасына деген сұраныстың жоғарылығы да фабриканың дамуына ықпал етіп отыр. Мектеп формасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сай жасалады. Ата-аналар мен оқушылардың өздері киімді жоғары бағалап, сапасына дән риза. Оған Bellasco бренді сенімге жеткен талай конкурстар мен марапаттар дәлел. Bellasco брендімен тігілетін мектеп формалары Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Арнайы дүкендерде және тапсырыспен сатылады. Бағасы қолжетімді және сапасы жоғары. Сондықтан өнімдер отандық нарықта жоғары сұранысқа ие.