ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

105
0
Шымкент қаласында төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биыл Шымкентте жылыту маусымы кезеңінде газ қауіпсіздік шараларын алдын алу мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары және «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ қызметкерлерімен бірлесе аудан тұрғындарына газ қазандықтары мен жылыту пештерін пайдалану кезінде сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары аптаның үш мезгілінде яғни аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері жүргізілуде.
Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша жалпы саны 672 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде орталық жылу жүйесіне 615 үй қосылған, 57 тұрғын үй автономды. Орталық газ жүйесіне қосылмаған 26 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.
Сонымен қатар, Абай ауданында да аудандық Төтенше жағдай басқармасының ұйымдастыруымен «Улы газдан уланудың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш түсіндірме жұмыстарына мамандандырылған жасақ пен №6 өрт сөндіру бөлімінің мамандары және «ҚазТрансГазАймақ» Шымкент филиалының мамандары білікті мамандары, сондай-ақ Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мамандары да жұмылдырылды. Төтенше жағдайдың алдын алу шарасының мақсаты қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі, газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау. Сала мамандары түсіндірме жұмыстары барысында өрт қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар түсіндіріліп, арнайы жаднамалар таратылды.
Айта кету керек, жуырда жылыту маусымы кезінде төтенше жағдайлар бойынша қабылданған шаралар туралы баспасөз брифингі өткен болатын.
«Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыздан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алған. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда. Бірінші кезеңде халықтың әлеуметтік осал топтары арасында профилактикалық жұмыс. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 5 164 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен қамтылды. Екінші кезеңде жақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде профилактикалық жұмыс. Профилактика шеңберінде пәтер тұрғындары арасында 3 862 адамды қамти отырып, газ жүйесіне қосылмаған жиырма шағын отбасылық жатақхана мен он жеті жатақхана арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал үшінші кезеңде жеке тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұл ретте 33 459 адамды қамтыған 6 327 үйге барып түсіндіру жұмыстары мен 12 300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды», — деді азаматтық қорғау полковнигі А.Бейсембаев.