ПЕДАГОГТАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР КӨРСЕТУДІ КӨЗДЕЙТІН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы 2022 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 қарашасында «Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне шеберлік сыныбы өтті.
Шараның негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде математика пәні бойынша оқу тәрбие үдерісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыру. Әдістемелік орталығының Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің әдіскері Ақерке Исаеваның ұйымдастыруымен өткен шеберлік сыныбы барысында «Инновациялық оқыту технологиялары» тақырыбында өз жұмысымен бөлісіп, ақпаратты демонстрациялады. Сондай-ақ, орталықтың математика пәні әдіскері Алтынай Кисабекова «Математиканы оқытуда қолданылатын мобильді қосымшалар түрлері және оларды қолдану мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту жұмысын жүргізді. Ал «Заманауи білім беру: жаңа уақыт-жаңа көзқарас» тақырыбында Политехникалық колледж әдіскері Дана Балабекова өз баяндамасын оқыды. Политехникалық колледж арнайы пән оқытушысы Баумуратова Шолпан «IT technologies for teachers. Білім беру барысында онлайн платформаларды тиімді қолдану әдістері» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетсе, жалпы пән бойынша М.Өтебаев колледжінің оқытушы педагог-зерттеуші Асия Досаева «Күрделі функция туындысы» тақырыбында өз шеберлік жұмысымен бөлісті. Семинар соңы педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға ұласты. Спикерлер әрбір сауалға арнайы тоқталып, толықтай жауабын берді. Әдіскер А.Кисабекова және А.Исаева шеберлік сынып соңын қорытындылай келе, осы ақпарат колледждерге өзара педагогтер арасында әдістемелік көмек көрсетілетінін жеткізді.