ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

87
0
Шымкент қаласындағы Абай ауданының Төтенше жағдай басқармасының мамандары қала мектептерінде «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында үгін-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қалалық жалпы орта мектептерінде «Улы газдан уланудың алдын алу» және «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігінің талаптары» тақырыбында өткізіліп, интерактивті форматта сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара мамандандырылған жасақтың қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға арнайы бейнероликтер көрсетіліп, жаднама парақшалары таратылды. Сонымен бірге уланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары да ескертіліп өтілді.
Бұдан бөлек, қала аумағында жылыту маусымының басталуымен қала тұрғындарына электр жылытқыштары мен басқа да жылыту жүйелерін пайдалану ережелері тұрғысында ескерту жұмыстары жүргізілуде. Әдетте оқыс-оқиға пайдалану ережелерін бұзғандықтан орын алады. Осы орайда Абай ауданы Төтенше жағдай басқармасының инспекторлары, «ҚазТрансГазАймақ»АҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Рейдтік іс-шара Тайманов пен Сәрсенбаев көшелерінде жүргізілді. Шара барысында пештерді, электр жылыту аспаптары мен электр және газ жабдықтарын пайдалану ережелерін тиісті сала мамандары тең түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
Кезекті профилактикалық рейд барысында инспекторлар тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін, пеш, газбен жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін еске салды. Сондай-ақ, ТЖ мамандары электр аспаптарын пайдалану тәртібін түсіндіріп, үй иелеріне анықталған өрт қауіпсіздігінің бұзушылықтарын атап өтіп, оларды қалай түзетуге кеңес берді. Сондай-ақ, шұғыл қызметтердің телефондарын еске салып, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар табыс етілді.
Айта кету керек, бұл профилактикалық рейдтер халықтың назарын өрт мәселелеріне аудару, оларды тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт туындаған жағдайда әрекет ету туралы хабардар ету, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін насихаттау мақсатында жүргізіледі.