ҚАБІЛЕТІН КӘСІПКЕ АЙНАЛДЫРҒАН ЖАН

106
0
Кәсібін енді бастаймын деген азаматтарға қайтарымсыз грант­ үлкен бастамалар алаңы, деп хабарлайды Uakit.kz.
Кәсіпкерлікті қолдау бүгінгі таңда мелмлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Кәсіпкерлік саласы қаншалықты дамып, өркендеп қанатын жайса, ел экономикасы да соншалықты өркендеп өсе бермек. Мәселен, Шымкенттік Куримбаева Бибіхан мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.
Кәсіпкерлікті оқыту курсынан арнайы өткен Куримбаева Бибіхан, өз бизнес жоспарын дайындап, оны қорғап шыққан. Нәтижесінде 2021 жылы 583 400 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантты жеңіп алып, сұлулық салонын ашқын. Ұқыптылық пен асқан төзімділік қажет ететін кәсіп түрі бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады.
«Мемлекет тарапынан берілген грантқа қатысып, кішігірім өзімнің салонымды ашып алдым. Қазіргі кезде жұмысым жақсы жүріп жатыр. Өзім шаштаразы маманымын. Ерлердің және әйелдердің шашатарын қиямын әрі әрлеймін. Алдағы уақытта өзімді осы салада дамытсам деймін», -дейді шаштаразшы Бибіхан Куримбаева.
Бала кезден шаш қиюға икемі бар азаматша өз ісін кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты. Шаш қиюмен қатар қыз-келіншектердің шашын бояу, түрлі шаш үлгілерін жасаумен айналысады. Бибіхан Куримбаева қолға алған кәсібін алдағы уақытта үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашуды да  жоспарлауда.
Айта кету керек, Биыл Шымкент қаласында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға 1 150 қайтарымсыз грант (400 АЕК) беру жоспарланған. Қазіргі таңда жалпы үш лек бойынша 610 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 430-ы әйел азаматшалар. Олар жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, сүт өнімдері мен балалар ойыншықтарын жасап шығару сынды ұсыныстарын білдірді.
Ал, жыл басынан «Бизнес бастау» жобасы шеңберінде 6805 әйел азаматша оқытылса, бос және жаңа жұмыс орындарына 4888 әйел орналасқан, 3 айлық оқу курстарына қатысып жаңа мамандық игерген әйелдер саны 1143. Сондай-ақ, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындар», «Ұрпақтар келісім шарты», «Күміс жас» сынды өзгеде бағдарламаларға қатысқан қыз-келіншектеріміз бар. Осы көрсеткіштерден аңғарғанымыздай қазіргі таңда әйелдердің экономикаға белсенді араласуы жоғарылап келеді.