ШЫМКЕНТТІК ОРТОПЕДИЯЛЫҚ АЯҚ КИІМДЕРДІҢ САПАСЫ ЖОҒАРЫ

102
0

Шымкентте балалардың денсаулығына пайдасы бар сапалы аяқ киімдер шығарылуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкентте жасөспірімдерге арналған аяқ киімдер шығарылады. Таза былғары теріден жасалатын тауарлар көптің талғамынан шығып, қазір кезде үлкен сұранысқа ие.
«Аяқ киімнің тігу қиындығына қарай күніне 25-30 жұп аяқ киім тігеміз. Түрлі модельде болғасын әрқайсысының өз қиындығы бар», — дейді тігінші Гүлжан Дабылова.
Фабрикада тәулігіне 70 -тен бастап 100-ге дейін жұп аяқ киімдер шығарылады. 26-дан 40-қа дейінгі аяқ өлшемі бар. Барлық мезгілге арналған аяқ киімдердің 120 түрі бар. Дәл қазіргі кезде мектеп оқушыларына арлған тауарлар дайындалуда.
«Таза былғарыдан дайындалған аяқ киімнің беті біздің цехке келеді. Мен мұны алып, өз қалпына саламын. Қондырғылар арқылы оны керу, тарту жұмыстарын жүргізмін. Жартылай дайын өнімді келесі цехке жібереміз. Осылайша 70-тен аса аяқ киімді тарту, керу жұмыстарын жүргіземін», — дейді цех жұмысшысы Бақытжан Унгалбаев.
Мұндағы тауарлар сапасымен ғана ерекшеленбейді, аяқ-киімдер ортопедиялық бағытта да жасалады. Фабрика мамандарың айтуынша өндірілген аяқ-киімдер адам денсаулығына пайдалы, яғни майтабан болудан сақтайды. Сондай-ақ иіс шығармайды. Фабрикада жылына 400 мыңға жуық аяқ киімдер шығарады. Олар Қазақстанның барлық аймақтарына таратылады. Сәнді де сапалы өнімге халық жоғары баға беріп отыр. Бұл өнімге көтерме және бөлшек түрінде тапсырыс беруге болады.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 106,7 пайызды құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген.