50 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫҒА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛЕДІ

107
0

Түркістан қаласы әкімдігінің адами әлеуетті дамыту бөлімі мектептерде азаматтық қорғау бағытындағы іс-шараларды өткізуге басымдық береді. Бұл бағытта тиісті жоспарлар жасалып, нақты қадамдар бекітілген. Себебі балабақшадағы өскелең ұрпақ, мектептегі оқушылар өмірінің қауіпсіздігі аса маңызды. Осы бағытта Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі қалалық Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе төтенше және техногенді апаттардың  алдын алу және жою бойынша ауқымды жұмыстарды атқарып келеді.

Бұл туралы uakit.kz-ке қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мәлімдеді.

Мәселен, бөлімге қарасты 34 мектеп пен 21 балабақшада, оған қоса 87 жекеменшік балабақшаларда эвакуациялық жиналу пункттері құрылған. Осы пункттер ай сайын жер сілкінісіне, өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығулары ұйымдастырып отырады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге бейнероликтер көрсету, сынып сағаттарын, түрлі сайыстар мен байқаулар өту арқылы педагогтар қауымы апатты жағдай орын алған жағдайда қандай әрекет ету қажеттілігі түсіндіреді.

Айта кетерлігі, қыс мезгілі түскенде үй жағдайында иістен улану жағдайлары кездесіп жатады. Осы бағытта «Улы газдың алдын алу және өрт қауіпсіздігі» тақырыбында барлық білім мекемелерінде іс-шаралар жоспары жасалынып, қауіпсіздің аймақ кестесі бекітілді. Кесте жоспарына сәйкес сыныптардан шығу яғни, эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулары ұйымдастырылып, азаматтық тәрбие сағаты бойынша педагогикалық ұжымдарға және оқушыларға әдістемелік нұсқаулық беріледі.

Жоспарға сәйкес оқу жылы бойына қаладағы білім мекемелерінде мыңнан аса шаралар өтетін болады. Соған сәйкес 50 мыңнан аса оқушы, 15 мыңға жуық балабақша тәрбиеленушілері табиғи және техногенді  апаттарға қарсы шаралардан хабардар болады.