ҚАЛАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

109
0
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен дарынды жастар арасында «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Жастар — қоғамның қозғаушы күші. Жастардың болашағын бағамдайтын мемлекет оның санасының ояу болуын, білімі мен мәдениетінің, тәрбиелі ұрпақтың дұрыс бағытта өсуіне жоғары мән береді.
Аталған жобаның мақсаты – жастар арасында белсенділігі жоғары, «Жайдарман» ойындары арқылы жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттыру, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болып табылады. Жайдарман ойындарының мән-мағынасын, салмақты әзілдерді қолдану аясын түсіндіру және өскелең ұрпақты мәдениеттілікке баулу.
Жалпы аталмыш сайыстың маусымашар кезеңіне 33 команда қатысып, бүгін финалдық кезеңге жолдама алған 6 команда яғни, «Ақбұлақ», «NO COMMENTS», «Тамыр», «Бәрекелді кірпі», «Абырой», «Төле би» командалары өнер көрсетті. Ойын барысында, екі сәлемдесуде 6 команда жекпе-жек ойын көрсетті.
Атап айтқанда: «Ақбұлақ» және «NO COMMENTS» командалары, «Тамыр» және «Бәрекелді кірпі» командалары, «Абырой» және «Төлеби» командалары.
Жеңімпаз 3 команда финалдық ойында өз өнерін көрсетіп, нәтижесінде «Абырой» командасы жеңімпаз атанды, ІІ орын — «Бәрекелді кірпі» командасы, ІІІ орын — «NO COMMENTS» командасына бұйырды. Ал үздік ойыншы номинациясын «Бәрекелді кірпі» командасының ойыншысы Олжас Уалиханов иеленді.
Айта кету керек, «Жайдарман» — көңілді тапқырлардың өнер көрсететін танымал алаңына айналған. Бүгінде «Жайдарман» телевизиялық ойын-сауық бағдарламасына айналып, жастар арасында танымалдылыққа ие. 2005 жылдары бастау алған «Жайдарман» ойындарынан бүгінге дейін 18 команда чемпионы атанды.