ҚАЗАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНБАУ ҚАУІП ТУДЫРАДЫ
Ағымдағы жылдың 28 қазанында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне өрт оқиғасы туралы хабарлама түседі.
Хабарламада Малдыбеков көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында орналасқан қазандық жанып жатқаны туралы айтылады.
Өз кезегінде №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері хабарламада көрсетілген мекенжайға жедел жетіп, қауіптің бетін қайтарады. Оқиға тұрғын үйге жапсарласа уақытша соғылған қазандық бөлмесінің түтеп, бықсуынан орын алады. Оқиға өртке ұласпаған.
Өрт сөндірушілер осы жағдайды негізге ала отырып, тұрғындардан газ жабдығын талап деңгейіне сай пайдалануды ескертеді. Және газ жабдықтарын жөндеуді, олардың орнын ауыстыруды өз бетінше жүргізуге болмайтынын ескертеді.