АБАЙ АУДАНЫ: ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫРДАН СУ ЖИНАЛҒАН ОРЫНДАР ДЕР КЕЗІНДЕ ТАЗАЛАНУДА

92
0
Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай ауданы аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс атқаруда.
Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Юнатов, Аққараған көшелері, Қатынкөпір ш.а Майлин, Шұғыла ш.а Қазына, Алтынғасыр Қазығұрт ш.а Бөгенбай батыр, және Өтегенов Төлеметов көшесінің қиылысына және Республика Бейбітшілік көшелерінің қиылысына арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар, колос аумағы, Бекжан базар аумағындағы тоннелдерде бақылауға алынған. Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды. Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда. Жалпы аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 21 мекенжай анықталып, 2022 жылы ирригациялық жүйелер салу жоспарланды. Олардың жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда, 21 орынға мердігер мекеме анықталуда. Ал Еңбекші ауданында биыл 7,3 шақырымды құрайтын ирригациялық арықтар орнату жоспарланған. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына өкілдеріне берген баспасөз брифингінде мәлімдеді. Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су алу орын алды. Су алған мекенжайлар бойынша  бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Ал қалған 1,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары толығымен қараша айында аяқталады. 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес 11 мекен-жай бойынша 7,2 шақырым ирригация орнатуға сметалық есептер әзірленуде.