СУ ТАСҚЫНЫНАН САҚТАНУ БОЙЫНША ТӘРБИЕ САҒАТТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Түркістан қаласындағы мектептерде су тасқыны кезінде сақтану шаралары бойынша оқушыларға жоспарлы түрде тәрбие сағаттары өткізіледі,-деп хабарлайды uakit.kz.

Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі бұл бағытта әрбір мектепте су тасқыны кезінде сақтану жадынамасы қамтамасыз етілгенін мәлімдейді. Жадынамада су тасқыны алдындағы әрекет, су тасқыны болған кездегі әрекеттер реті көрсетілген. Сонымен қатар кенеттен су тасқыны болған кезде не істеу қажеттігі түсіндірілген. Су тасқыны өткеннен кейінгі әрекеттер реті баяндалған. Және селдің белгілері таныстырылған.

Оқырман назарына су тасқыны кезінде сақтану жадынама мәтіні таныстырылады.

Су тасқыны бұл табиғи апат түрі. Оның салдарынан адамдар, жануарлар өліп, ғимараттар мен тұрғын үйлер қиратылады. Көбіне су тасқыны және су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік оларға алдын ала дайындалу арқылы қамтамасыз етіледі.

  Су тасқыны алдында: 

  • су басатын ықтималды аумақтардың шекарасын су бармайтын дөңес жерлерді оған қысқа жолды алдын ала айқындаңыз;
  • қарапайым жүзу құралдарын әзірлеу үшін құрылыс материалдарын дайындаңыз;
  • көшіру қажет болғанда тамақ қорлары мен киімді, дәрі-дәрмектерді алдын ала дайындаңыз;
  • алдын ала қажетті құжаттармен ақшаны дайындаңыз.

Су тасқыны болған кезде:

  • суды, газды және электр энергиясын ажыратып, тоқтатыңыз;
  • жанып тұрған жылу пештерін сөндіріңіз;
  • барлық құнды заттарды жоғары қабатқа (шатырға) шығарыңыз
  • есік, терезелерді жабыңыз;
  • эвакуациялық жиналу пунктіне белгіленген уақытта келіңіз;

Кенеттен болған су тасқыны кезінде:

  • өзіңізге мығым болып, үрейге бой алдырмаңыз;
  • тез арада жақын маңайдағы биік жерге шығыңыз;
  • қажетті эвакуация жағдайында қолда бар жүзу құралдары арқылы өзіңізді құтқарыңыз;
  • күндіз биік жерге ақ немесе түрлі түсті мата іліп қою керек, түнде жарықпен белгі беріп отырыңыз;

Су тасқыны өткеннен кейін:

  • құлау, қопарылу ықтималдылығын байқау үшін, үйіңізді абайлап тексеріңіз;
  • үзілген және салбырап тұрған электр сымдарынан абай болыңыз;
  • су тиген тамақ өнімдерін қолданбаңыз;
  • санитарлық тексеруден өткенге дейін су ішпеңіз;
  • барлық бүлінген жағдайлар туралы тиісті оргондарға хабарлаңыз.

Кенеттен су тасқыны болған кезде, өзіңізбен бірге жылы және жақсырақ су өткізбейтін киімді, көрпе, табақ, т.с құралдарды алып, су баспаған биік жерлерге шығыңыз.

Суда табылған тағамды қолдануға болмайтынын қаперден шығармаңыз.