ШЫМКЕНТ: БӨЛШЕК САУДА КӨЛЕМІ 500 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚТАДЫ

104
0

Шымкент қаласының кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Шымкенттегі бөлшек сауда көлемі 417,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға артты.

Жыл соңына дейін бөлшек сауда көлемі 540,0 млрд теңгеге жеткізу күтілуде. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға (109,2%) өсетін болады. Аталған көрсетішке жаңадан ашылған базар («Гранд-Базар»), жаңа автокөлік салондарының құрылысы («Lexus Shymkent», «Hyundai Otyrar») және жұмыс жасап жатқан сауда нысандарын кеңейту («Gramad» — 3 сауда нысаны, Magnum – 1 сауда нысаны) және базарларды модернизациялау жүргізу есебінен қол жеткізілетін болады. Көтерме сауданың көлемі 944,3 млрд теңгені құрады немесе 113,4 пайызды құрады. Жалпы сауда көлемі 1366,3 млрд теңгені немесе 112,9 пайыз көлемінде.

Шымкент қаласы аумағында орналасқан базарларды қайта жаңарту бойынша да жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Бүгінде қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м. 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 25, мамандандырылған — 11. ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдауға жатады. Оның ішінде, 12 нысанда (Бекжан, Шымкент Тұлпар, Исатай (Алатау), Акбар, «Иманалиев» мал базары, Барыс, Жабық базар, Көктем, Жібек Жолы, Жаңа шахар, Назым апа, Көмеш бұлақ) реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды. 7 нысанда («Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам») модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілу жұмыстары жүргізілуде.