ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

107
0
Шаһар аумағында жолға қатысты 190 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биыл Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелістерді азайту, жалпы қаламыздағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында шаһар аумағында 190 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Оның ішінде: Рысқұлов-Қонаев қиылысындағы көпір құрылысы аяқталды. Бәйдібек би-Арғынбеков қиылысындағы жолайрық құрылысы, Қонаев даңғылының 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыстары қарқын алған.
Ал магистралды және ішкі орам көшелері жалпы саны 167 нысан (308 көше) орташа жөндеуден өтуде.
Қазіргі уақытта орташа жөндеу жұмыстары 163 нысанда (303 көше) жүргізіліп, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға берілді. Атап атқанда магистралды Республика д, Рысқұлов, Іляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері жөнделді.
Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары 3 нысанда жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандары аумағындағы жалпы 17 көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қошқар ата өзенінен өтетін Кремлёвская және Атасу көшелеріндегі 2 көпір күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, көпірлер ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар биыл қала аумағындағы шағын аудандар мен тұрғын алаптардағы 122,7 шақырым жолға шағал тас төселді.
Айта кету керек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс қарынымен арнайы танысуда. Шаһар басшысы мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы да өз уақытында орындауды талап етуде. Өйткені қала көшелері қаланың күре тамыры. Осы ретте қала тұрғындарына ыңғайлы жағдайды қалыптастыру мемлекеттік басты міндеті болып табылады.