ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ШЫҢДАЙТЫН ШАРА ӨТТІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты С. Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бағытында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Тарқатсақ, күзгі демалыс күндері бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбиелік мәні зор мультфильмдер көрсетілімі өтті. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жас буынның бойында ізгі қасиеттер мен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
“Шабыт” жобасы “Адал азамат” бағдарламасының маңызды тармақтарының бірі ретінде балалардың рухани және мәдени дамуына бағытталған. Мектеп ұжымы балалардың жас ерекшеліктеріне сай, қызығушылықтарына жауап беретін мультфильмдерді таңдап, олар арқылы тәрбиелік ойды сіңіруді көздеді. Мультфильм көрсетілімі барысында балалар достық, адалдық, еңбексүйгіштік және әділдік тақырыптарын қамтитын оқиғалармен танысты. Бұл туындылардың мазмұны олардың өмірге деген көзқарасын кеңейтіп, жақсы мен жаманды ажыратуға үйретті. Көрсетілімнен кейін мұғалімдер мен оқушылар арасында шағын пікірталас ұйымдастырылып, балалар өз ойларын еркін жеткізді. Олар мультфильм кейіпкерлерінің әрекеттері мен мінез-құлықтары туралы талқылап, адал болудың, еңбектің қадірін түсінудің маңыздылығын атап өтті. Осындай әңгімелер арқылы бала санасына әділдік пен ізгілік ұғымдарын тереңірек сіңіру көзделді. Мектеп педагогтарының айтуынша, мұндай шаралар бастауыш сынып оқушыларына ерекше әсер қалдырады. Себебі бала бойындағы ізгі қасиеттердің қалыптасуы көргені мен естігенінен бастау алады. Сондықтан мультфильмдер тәрбиенің тиімді құралы ретінде қолданылады. Бұл арқылы балалар тек қызықты уақыт өткізіп қана қоймай, өмірлік маңызы бар құндылықтарды бойына сіңіреді.
“Шабыт” жобасы – балалардың шығармашылық қабілеттерін оятуға, ой-өрісін кеңейтуге және олардың адамгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған бастама. Осындай іс-шаралар оқушылардың эстетикалық талғамын дамытып қана қоймай, болашақта елінің адал, еңбекқор және жауапты азаматтары болып қалыптасуына негіз қалайды. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының мақсаттарына сай тәрбиелік іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастыруда. Олар әр баланың бойындағы талант пен ізгілікті танып, оны дамыту арқылы ел болашағына өз үлесін қосуға бағыт береді. Осындай рухани және тәрбиелік мәні зор шаралар – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Себебі адалдық пен еңбекке құрмет, ізгілік пен достық секілді қасиеттерді бала жастан бойға сіңіру – ұлт болашағының кепілі. “Шабыт” жобасы осы мақсатқа қызмет етіп, жас ұрпақтың жүрегіне сенім мен шабыт ұялатып келеді.



