САУДА АЙНАЛЫМЫ ӨСКЕН

101
0

Шымкент өнімдері бүгінде шетелдерде саудаланып жатыр. Мұның өзі үшінші мегаполисте өндірілетін өнімдердің бәсекеге қабілетті екенін аңғартады. Сөзіміз дәлелді бола түсуі үшін сандарды сөйлетер болсақ, үшінші мегаполистің сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың бес айында — 418 млн АҚШ доллары болса, 2022 жылдың бес айдың алдын ала қорытындысымен 584 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 166 млн АҚШ долларына немесе 40 пайызға артқан.

2022 жылдың бес айында өткен жылдың осы кезңімен салыстырғанда сыртқы тауар айналымы 40%-ға, «экспорт» рәсімі 55%-ға, импорт (ішкі тұтыну) рәсімі 28% пайызға ұлғайған. Түркия, Өзбекстан және Қытай елдерімен сауда саттық барлық тауар айналллымының 50 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар өндірістік емес төлемдер бойынша жергілікті бюджет 169%-ға орындалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары. Ал жеке тұлғалардың берешегі бойынша 29%-ға өсіп отыр. Оның ішінде, жер, мүлік салығы бойынша 31%-ға төмендеген. Көлік салығы бойынша — 55%. Берешек сомасын азайту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Берешегі пайда болған жеке тұлғаларға бірінші хабарлама жолданады, 30 жұмыс күні ішінде орындамаған жағдайда салық бұйрығы қалыптасады. Оны 5 жұмыс күні ішінде төлемеген жағдайда автоматты түрде жеке сот орындаушылар палатасына мәжбүрлі түрде өндіру үшін жолданады. Қазіргі таңда берешегі бар 1 691 автокөлік иелеріне іздестіру шаралары жүргізілуде. Салық төлеушілердің автокөліктері қала аумағында орнатылған «Сергек», «Интегра» жүйелік кешендерінің және «Қорғау» қосымшасының көмегімен іздестірілуде. Аталған автокөлік иелері туралы мәлімет Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына ұсынылып, рейдтік іс-шаралар басталды. Жүргізілген іс-шара нәтижесінде, 35 көлік құралы иелерінен 16,2 млн.теңгеден аса сома бюджетке өндіріліп, 16 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Бұдан бөлек, берешегі бар жеке тұлғаларға үйме-үй аралау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 754 жеке тұлғалардан 86 млн.тг. өндірілді. Айта кетейік, салық берешегі туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz, «Электронды үкімет, Электронды қызмет» бөлімінің ішінде «Салық берешегі бар/жоқ туралы ақпараттар» бөлімшесінен және мобильді құрылғыларға «e-Salyq азамат» қосымшаларын орнату арқылы қол жеткізуге болады.