ЖАНУ ЖАҒДАЙЫ ТРАНСФОРМАТОРДАҒЫ ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ ӘСЕРІНЕН БОЛҒАН

Ағымдағы жылдың 14-қарашасында Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне қаладағы Сабырханов көшесінің бойындағы электр бағандарының бірі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті,-деп хабарлайды uakit.kz.

Ұялы байланыс нөмірі арқылы түскен хабарлама бойынша өрт сөндірушілер айтылған мекенжайға бет алады. Айналасы 15 минуттың ішінде оқиға орнына жеткен кезде  өрт сөндірушілер электр бағанынан ашық от көзінің жоқтығын анықтаған. Хабарламада айтылған электр бағанындағы жану жағдайы сол көшедегі (Сабырханов) №23 үйдің алдында орналасқан «ГКТП-89» трансформаторындағы қысқа тұйықталу әсерінен орын алғаны белгілі болды. Зардап шеккендер болмады.

Оқиғаға байланысты өрт сөндірушілер азаматтарға қандай жағдай болмасын өрт шыққан бойда тез арада 101 өрт сөндіру қызметіне немесе 112 шұғыл көмекке телефон шалуды ескертеді.