ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

90
0

Тұрғындар көтерген мәселелердер назардан тыс қалған емес. Мәселен, Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жыл басында халықпен кездесуінде Бадам-1 тұрғын алабының тұрғындары Ынтымақ көшесін асфальттауды сұраған болатын.

Халықтың өтініші орындалып, жол құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда Ынтымақ көшесін асфальттау жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і ұзындығы 1 шақырымды құрайтын көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төседі. Бадамықтар жол жөндеу жұмыстарына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындардың өтініштерін басты назарда ұстай отырып, қала аумағында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасатын болады. Айта кету керек, биыл қалада инфрақұрылым мәселесіне айрықша назар аударылып келе жатыр. Қазіргі уақытта қалада 3 елдімекен ауыз суды кестемен қолданады. Биыл 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға артады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. Қалада 81 тұрғын алап пен шағын аудан бар. Оның 62-сі кәрізбен қамтылмаған. Қолданыстағы шайынды су тазарту кешенінің қуаты жетпей жатыр. Осы жылы 7,3 млрд.теңге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту деңгейі 54 пайыздан 60 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткішін 75 пайызға жетпек. Ал, 8 елдімекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 16 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 97 пайыздан 99 пайызға жетеді. Халықты сапалы электрмен қамту мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі. Сондай-ақ, 31 елдімекен газ қуаттылығының жеткіліксіздігі себебінен жартылай қамтылса, 8 елдімекен газбен мүлдем қамтылмаған. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 6 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қамту деңгейі 93%-дан 94,7%-ға артады. Табиғи газбен қамту мәселесі 2025 жылы толық шешіледі.